Спорт
1 мин оқу 224

«Астана» капитаны – алтыншы орында

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Италияда өтіп жатқан велоспорттан &laquo;Джиро д&rsquo;Италия&raquo; гранд-турының кезек&shy;ті жарыс күні өз мәресіне жетті. 5-кезең бәсекесі аустралиялық велошабандоз Калеб Эванның жеңісімен аяқталды.</p>

«Астана» капитаны – алтыншы орында

Lotto Soudal клубы сапында өнер көр­сететін спортшы Модена мен Каттолика қалалары аралығын қамтыған 177 шақы­рымдық қашықтықты 4 сағат 7 минут 1 секундта жүріп өтті. Екінші және үшінші орындарды италиялық Джакомо Низцоло (Team Qhubeka – Assos) мен Элиа Вивиани (Cofidis) иеленді. Astana – Premier Tech велошабандоздары арасында ең тәуір көрсеткішке Александр Власов  қол жеткізді. Ол 21-сатыға табан тіреді.

Бесінші кезең қорытындысы бойынша жалпы есепте Israel Start-Up Nation өкілі Алессандро Де Марчидің алдына түсе­тін ешкім болмай тұр. Италиялық вело­шабандоздың уақыт көрсеткіші – 17:57:45. Бельгиялық Луи Верваеке (Alpecin-Fenix) екінші және португалиялық Нелсон Оливейра (Movistar Team) үшінші сатыға жайғасты. Ал қазақстандық команданың мүшесі Александр Власов 7-сатыдан 6-орынға көтерілді.

Бөлісу:
«Астана» капитаны – алтыншы орында · Egemen Qazaqstan