Оқиға
1 мин оқу 192

Павлодарда көпқабатты үйден өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Павлодарда бес қабатты тұрғын үйдің пәтерінен өрт шығып, бір адамды күйік шалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 мамыр күні сағат 00.02-де Павлодар қаласындағы Қайырбаев көшесіндегі 36-үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Екі бөлмелі пәтердің үлкен бөлмесінде жиһаз өртеніп, жалын 16 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Өрт сөндірушілер бесінші қабаттан иіс тиіп уланған, қолын, басын, мойынын екінші-үшінші дәрежелі күйік шалған 1967 жылғы ер адамды тапты. Ер адам ес-түссіз бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады ТЖ департаменті.

Бөлісу:
Павлодарда көпқабатты үйден өрт шықты · Egemen Qazaqstan