ҚХЛ-дың жарыс кестесі бекітілді
<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) 2021/2022 жылдардағы маусымының жарыс кестесі бекітілді. Бәсекелер әдеттегідей екі кезеңнен тұрады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Тұрақты біріншілік барысында әр команда «үйдегі» және «түздегі» ойынды қоса алғанда барлығы 56 кездесуден өткізеді. Ол жарыс биылғы жылдың 1 қыркүйегінде басталып, келесі жылдың 1 наурызында өз мәресіне жетеді. Тұсаукесер кездесуде Омбылық «Авангард» пен Мәскеудің ЦСКА клубтары күш сынасады. Сондай-ақ 2022 жылы Бейжіңде алауы тұтанатын XXIV қысқы Олимпия ойындары кезінде екі апталық үзіліс жариялау жағы да қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, ғаламдық дода 4-20 ақпан аралығында ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.
Алғашқы сынақтан сүрінбей өткен командалар плей-оффқа жолдама алады. Гагарин кубогы жолындағы жарыс 4 наурызда басталады. Ал айтулы доданың ең үздік командасы сәуір айының соңғы күндері анықталады.
ҚХЛ-дың былтырғы маусымы «Авангард» клубының жеңісімен аяқталғаны еді. Финалда алты ойынның қорытындысы бойынша ЦСКА-ны 4:2 есебімен ұтқан омбылық хоккейшілер Гагарин кубогын олжалады.
