Шөкеевтің орынбасары «ұсталғаны» рас па?
<p style="text-align: justify;">Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы таратылған ақпаратқа қатысты келесіні хабарлаймыз.
М. Мырзалиев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде шақырылды.
Ол күдікті ретінде танылған жоқ, оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмады. Өзге ақпарат ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай жарияланбайды», делінген агенттік таратқан ақпаратта.
