Әлем
1 мин оқу 183
Әскери ұшақ құлап, екі ұшқыш қаза тапты
<p class="LC20lb DKV0Md">Беларусияның Барановичи маңында әскери ұшақ құлап, екі әскери ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Оқу-жаттығу кезінде экипаж техникалық ақаудың барын анықтады. Ұшқыштар ерлік пен батырлық көрсете отырып, ұшақты елді мекеннен алып кетуге тырысты. Ұшақтың құлау траекториясы тұрғын үйлерден алыс екеніне көз жеткізгеннен кейін олар катапульталанды.
Өкінішке қарай, екі ұшқыш та қаза тапты», делінген хабарламада.
Бортта 116-шы оқу-жауынгерлік эскадрилья бөлімінің командирі майор Ничипорчик Андрей Владимирович және 116-шы оқу-жауынгерлік эскадрилья Куканенко Никита Борисович болған.
Бөлісу:
