Президент
1 мин оқу 380

Мемлекет басшысы Тәжікстанға екі күндік ресми сапармен барды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның шақыруы бойынша екі күндік ресми сапармен Душанбеге келді. Бұл &ndash; Қазақстан Президентінің биылғы алғашқы шетелдік сапары, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің facebook-тегі жазбасына сілтеме жасап.</p>

«Қазақстан Президентін Душанбе халықаралық әуежайында Тәжікстанның Президенті Эмомали Рахмон және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
 
Ертең түске дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын және кеңейтілген форматта келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылмақ. Сондай-ақ Мемлекет басшылары БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізеді.
 
Бұдан бөлек сапар бағдарламасына сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев Исмоил Сомонидің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады және Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасымен және Тәжікстанның Премьер-Министрімен кездеседі», деді Президенттің баспасөз хатшысы.
 
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Тәжікстанға екі күндік ресми сапармен барды · Egemen Qazaqstan