Коронавирус
2 мин оқу 270

Белсенділік әлі де баяу

<p style="text-align: justify;">Атырауда 19 мамырға дейін коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың І компонентін салдырғандар саны 46 356 адамға жетті. Ал ІІ компонентті 15 268 адам салдырды. Дәрігерлер тұр&shy;ғын&shy;дар тарапынан вакцина алуға белсенділіктің әлі де төмен екенін айтып отыр.</p>

Белсенділік әлі де баяу

Дегенмен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтың мәліметінше, мұнайлы өңірде вакцина дозалары жеткілікті деуге негіз бар. Соның бір дәлеліндей, 18 мамырда Ақтөбедегі фармацевтика хабынан Спутник V вакцинасының ІІ компонентіне арналған 7 650 доза жеткізілді. Вакцина дозаларын егу бекеттеріне бөлу мен тасымалдау қолға алынды. Қазір өңірде 41 екпе бекеті жұмыс істейді. Оның екеуі Теңіз кен орнында болса, ХҚКО-да, «Тамаша», «Көктем», «Атырау», «Байзар», «Дина» сауда орталықтарының әрқайсысында бір-бірден екпе бекеті ашылды. Бұдан басқа, қалалық, аудандық емханалар жанында 23, сондай-ақ 10 жылжымалы бекетте тұрғындарға вакцина салынады.

Тұрғындардың вакцина сал­ды­руға ниетінің төмендігінен болар, әсіресе, Атырау қаласында қауіпті вирус­ты жұқтыру азаяр емес. Мәселен, 18 мамырдағы дерекке жүгінсек, мұнайлы шаһар тұрғындары арасынан 56 адам ко­ронавирустың «қақпанына» түсіп отыр. Сондай-ақ Жылыой, Құр­ман­ға­зы мен Махамбет ауданынан 8 тұр­ғын аталған індетті жұқтырды. Ал Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінде қауіпті вирусқа екі ж­ұ­мыс­шы ғана шалдығыпты. Демек өткен жылғыдай емес, мұнда індетті жұқтырғандар саны бір­тіндеп азайып келеді. Бұған кеніштегі жұмыс­шы­лардың вакцинаны мезгі­лінде салдыруының оң әсері тигені даусыз.

Өңірдегі ауруханаларда 12 ком­пью­­­терлік томография, 4 МРТ, 41 рент­ген, 267 өкпені жасанды желдету аппараты, 669 оттегі концентраты, 1 514 импульстік оксиметрі мен 8 оттегі стансасы бар. Үш күн бұрын облыс орталығынан шал­ғай­дағы Құрманғазы аудандық ауру­ханасы компьютерлік томография­мен қамтылды. Құны 360 млн теңгелік компьютерлік томография Каспий құбыр консорциумының демеушілігімен сатып алыныпты.

– Жапондық Hitachi компаниясы шығарған медициналық аппараттың SUPRIA моделі адам денесін толық диагностикалауды қамтамасыз ете­тін 128 бөлімді сканерден өткі­зе­ді. Радиациялық жүктемені азай­ту үшін IntelliEC дозасын интеллектуалды қайта бөлу алгоритмі мен IntelliIP итерациясының заманауи әдісі қолданылады. Бұл визуализация сапасын жоғалтпай, дозалардың ең төмен мәндерімен зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді, – дейді басқарма басшысы.

Бөлісу:
Белсенділік әлі де баяу · Egemen Qazaqstan