Тағайындау
1 мин оқу 392
Қостанайда облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Президент Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Әбенов Арман Тарғынұлы Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>

Арман Әбенов бұған дейін облыс әкімінің кеңесшісі, Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған. Аймақ басшысының жаңа орынбасары кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер, сондай-ақ еңбек инспекциясы мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Бұрын «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Эльдар Күзенбаев әкім аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Бөлісу:
