Спорт
1 мин оқу 230
Қазақстандық файтер WEF чемпиондық белбеуін жеңіп алды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық файтер Самир Ахмедов (2-1) WEF 105 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
22 жастағы спортшы Қырғызстандағы турнирде жергілікті файтер Салмоор Эргашалиевпен (4-4) жұдырықтасты. Жартылай жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте Самир Ахмедов қарсыласын жеңіп, WEF чемпиондық белбеуін жеңіп алды.
Айта кетейік, Самир Ахмедов соңғы жекпе-жегін OCTAGON 18 турнирінде өткізіп, отандасы Сайрап Наргиловты техникалық нокаутпен жеңді.
Бөлісу:
