Оқиға
1 мин оқу 160

Павлодарда велосипедшіні көлік қағып кетті

<p style="text-align: justify;">Павлодар тас жолында мас велосипедшіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 мамыр күні сағат 09:00-де Ленин – Курчатов автожолында, шеңбер маңында «Subaru Legasy» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен велосипедшіні қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан мас күйінде болған 1980 жылы туған велосипедші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада.

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізіледі.

Бөлісу: