Спорт
1 мин оқу 140

Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы АҚШ-пен кездеседі

<p style="text-align: justify;">Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін Қазақстан құрамасы АҚШ-пен кездеседі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ойын елорда уақытымен 19.05-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Биылғы турнирде қазақстандық хоккейшілер алғашқы екі ойында басым түсті. Алдымен Латвияны буллитен 3:2 есебімен жеңсе, одан кейін Финляндияны буллитен 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Бөлісу:
Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы АҚШ-пен кездеседі · Egemen Qazaqstan