Оқиға
1 мин оқу 1,002

Оралда көршілердің не үшін төбелескені белгілі болды

<p style="text-align: justify;">Орал қаласындағы көпқабатты үйдің ауласында көршілер жаппай төбелескен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлім еткеніндей, 25 мамыр күні сағат 22:00-де 102 телефонына көп қабатты үйдің ауласында көршілер арасында жанжал туындап жатқаны жөнінде хабар түскен.

«Патрульдік жасақ оқиға орнына келгеннен кейін жанжалға қатысушылардың құқыққа қайшы іс-әрекеттері тыйылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бірнеше адамның дене жарақатын алғаны белгілі болды. Алдымен балалар өзара сөзге келген. Содан кейін ата-аналар кірісіп, ұрыс-керіс жұдырық жұмсауға ұласқан. Жанжалға қатысушылар мен куәгерлер сұралуда. Толық ақпарат кейін берілетін болады», деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу: