Спорт
1 мин оқу 226

Олимпиада жолдамасын иеленді

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық пара таэквондошылар 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода жалауы желбірейтін Пар&shy;алим&shy;&shy;пия ойындарына тағы 2 жолдама жеңіп алды.</p>

Олимпиада жолдамасын иеленді

Қазақстанның Ұлттық паралимпиадалық комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Иордания астанасы – Амманда өтіп жатқан Азия аймақтық іріктеу жарысына ерлер арасында 75 кило салмақта қатысып жатқан Нышан Өмірәлі мен әйелдер арасында 58 килода бақ сынаған Кәмила Ақылбай турнир жеңімпазы атанып, Олимпиада жолдамасына ие болды.

Еске сала кетсек, былтыр қаңтар айында паралимпиадашылар арасында ең алғашқы болып жолдаманы пара таэквондошы Нұрлан Домбаев иеленген еді. Жалпы есепте Қазақстан құрамасынан Токиода 3 пара таэквондошы бақ сынамақ.

Бөлісу:
Олимпиада жолдамасын иеленді · Egemen Qazaqstan