Қоғам
1 мин оқу 235
Атырау-Амстердам рейсі қайта ашылады
<p style="text-align: justify;">Air Astana 2021 жылдың 3 маусымынан бастап Нидерланд үкіметінің жыл басындағы шектеулері салдарынан тоқтатылған Атыраудан Амстердамға қатынайтын тікелей рейсті қайта қосады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Рейс аптасына бір рет әр бейсенбі сайын Airbus A321 ұшағымен орындалады. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша Атыраудан таңғы сағат 05:40-та ұшып, Амстердамға 07:50-де қонады. Ал Амстердамнан 11:50-де ұшқан ұшақ Атырауға жергілікті уақыт бойынша 19:40-та келеді. Ұшу уақыты – 5 сағат 10 мин және 4 сағат 50 мин.
Атырау-Амстердам рейсі қазір әр сәрсенбі сайын орындалып жатқан Атырау-Франкфурт рейсін толықтырмақ.
Бөлісу:
