Әлем
1 мин оқу 384

АҚШ-та мұнай ұңғымасына найзағай түсті

<p style="text-align: justify;">АҚШ-тың Оклахома штатындағы мұнай ұңғымасына найзағай түсіп, соңы өртке ұласты,&nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Куәгерлердің айтуынша, оқыс оқиға орнына төтенше жағдай қызметкерлері мен өрт сөндірушілер жылдам келе қоймаған. Қап-қара түтін бірнеше шақырым жерге жеткен.

Елдің батысындағы Иллинойс штатында найзағай ойнап, нөсер жаңбыр құйып жатыр. Үлкен су көшелер мен жолдарды шайып кеткен. АҚШ-тың Ұлттық ауа райы қызметі жай түсуі мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарды сыртта сақ болуға шақыруда.

Бөлісу:
АҚШ-та мұнай ұңғымасына найзағай түсті · Egemen Qazaqstan