Головкиннің кезекті жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен жапондық Риота Мурата 28 желтоқсан күні Токиода орта салмақтағы чемпиондық титул үшін бірлескен жекпе-жек өткізетіні туралы түбегейлі келісімге келді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
39 жастағы Головкин (41-1-1, 36 КО) – IBF және IBO титулдарының иегері, соңғы айқасын 2020 жылдың желтоқсанында өткізді. Жетінші раундта поляк Камил Шереметаны техникалық нокаутпен жеңді. Ол мансабында бір-ақ рет мексикалық Сауль Альварестен жеңіліс тапқан.
35 жастағы Мурата (16-2, 13 КО) – WBA нұсқасы бойынша әлем суперчемпионы.
Бұдан ертерек Головкин мен Муратаның бір кардта осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында өнер көрсететіні хабарланған болатын. Олардың қарсыластарының аты әлі жария етілмеді. Ал екеуінің жекпе-жегі Жаңа жылдың қарсаңына, 31 желтоқсанға жоспарланған.
