Қоғам
1 мин оқу 283

Алматыда әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жабылады

<p style="text-align: justify;">Алматыда әл-Фараби даңғылының бір бөлігі 10 күнге жабылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, Достық даңғылынан Жарбұлақ өзеніне дейінгі көшелер ішінара жабылады. Бұл учаскеде 1-10 маусым аралығында асфальт ауыстыру жұмыстарына байланысты қозғалыс шектеледі. 

«Құрметті алматылықтар! Жол төсемін ауыстыру жұмыстары аясында әл-Фараби даңғылында екі бағыт бойынша да Достық даңғылынан Жарбұлақ (Терренкур) өзеніне дейінгі жолдың барлық ені бойынша 1 маусым мен 10 маусым аралығында күндізгі және түнгі уақытта қозғалыс ішінара жабылады», делінген хабарламада.

Бөлісу: