Оқиға
1 мин оқу 134

Солтүстік Қазақстанда 28 жастағы жігіт суға батып кетті

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстанда Есіл өзеніне шомылған қостанайлық 28 жастағы жігіт суға кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қайғылы оқиға өткен демалыс күні Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Урожайное ауылы маңында болған. Марқұм отбасымен достарына қонаққа келіп, рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Салдарынан қатты иірімге тап болған. Қазір оның ішімдік ішкен-ішпенін анықтау үшін арнайы сараптама тағайындалды. Жалпы өңірде күн жылығалы 58 шомылу орны жасақталды.

«Ол Есіл өзені маңына жанұясымен демалуға келген. Бірақ сол жердегі жағаның төмен болуына байланысты ол жағадан секіріп суға түскен кезде суға батып кетті. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде», дейді облыстық ТЖД басқармасының аға офицері Қуат Махметов

Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда 28 жастағы жігіт суға батып кетті · Egemen Qazaqstan