Экология
1 мин оқу 480

Теректер «қоныс аударды»

<p style="text-align: justify;">Атырау қаласындағы көлік жолын кеңейтуді қолға алған &laquo;АтырауИнжСтрой&raquo; ЖШС терек&shy;терді та&shy;мырымен көшірді. Өйткені&nbsp; кеңейтілетін жол бойындағы теректер жобаланған жұмысты атқаруға кедергі келтіріпті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Теректер «қоныс аударды»

– Жобаға сәйкес, теректер кесілуі тиіс еді. Бірақ тапсырыс беруші мен мер­дігер компанияның бірлескен ұйғары­мымен өзгеше шешім қабылданды. Бұл –  теректерді басқа орынға ауыстырып, сақтап қалу, – дейді серіктестік дирек­торының орынбасары Орынбай Ғаббасов. 

Осылайша ауқымды жұмыс бас­тал­ғанға дейін көпжылғы 30-дан астам  терек «Мұнайшы» стадионы маңындағы аллеяға көшірілді. Енді қа­ланы көгалдандырумен айналысатын «КДМС» компаниясының мамандары «қоныс аударған» теректерге үнемі ба­қылау жүргізгелі отыр.

– Теректер де тіршілік иесі секілді жа­ңа орынға бейімделгенге дейін «ауырады». Алайда, тыңайтқыштар мен тұрақты суару теректердің тамыр жаюына кө­мек­теседі. Бір айда теректердің тамыр жай­ғаны немесе өліп қалғаны белгілі болады, – деді О.Ғаббасов.

Атырау облысы

Бөлісу:
Теректер «қоныс аударды» · Egemen Qazaqstan