Өнер
1 мин оқу 323

Жаңа кітаппен толықты

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.1pt;">Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара аясында Елбасы кітапханасына &laquo;Отыз. Халық тағдыры &ndash; ел тарихы&raquo; фотоальбомы сыйға тартылды. </span></p>

Жаңа кітаппен толықты

Басылымда тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі уақытқа дейінгі сирек кездесетін әрі бірегей архивтік фотосуреттер жинақталып, отыз жылдағы ең көрнекті оқиғалардың кадрлары топтастырылған. Іс-шараға Елбасының әріптесі, мемлекет қайраткері, тәуелсіз Қазақстанның бірінші Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов, белгілі композитор және қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, жеңіл атлет, Олимпиада және әлем чемпионы Ольга Шишигина қатысты.

– Сіздер – егемен елде туған ең бақытты тәуелсіздік құрдастарысыздар. Елбасы 2019 жылы өз өкілеттілігін тоқтатқан кезде және «Жастар жылының» ашылуында: «Дербес Қазақстанның ең басты жетістігі – жаңа тәуелсіз ұрпақ», деген болатын. Осы қанатты сөзді үндестірген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аға буынның міндеті – тәуелсіз елдің креативті, білімді, ақылды, табысты ұрпағы бізді күллі әлемге танытуы үшін барлық жағдайды жасау керектігін айтты, – деді Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова.

Кездесу барысында «Отыз. Халық тағдыры – ел тарихы» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті.

Бөлісу:
Жаңа кітаппен толықты · Egemen Qazaqstan