Оқиға
1 мин оқу 1,380
Көкшетау қаласының маңынан екі әйелдің мәйіті табылды
<p style="text-align: justify;">Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 мамырда Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне теміржол саяжайы аумағында екі әйелдің Шағалалы өзеніне қарай кеткендігі туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Өзен жағасына жеткен тәртіп сақшылары саяжайлардан шығыс бағытта 10-15 метр қашықтықтан 39 және 42 жастағы әйелдің денелерін тапты. Жедел тергеу шаралары барысында сот-медициналық топ олардың денесінде күш қолданудың белгілерін байқамады. Қазіргі кезде, мәйіттер Ақмола облысы бойынша соттық медицина инстутына жіберілді», деді ведомстводан.
Бөлісу:
