Қазақстан
1 мин оқу 453

Алматы мен Самарқан арасында жаңа рейс ашылады

<p style="text-align: justify;">8 маусымнан бастап Алматы мен Самарқан қаласы арасында жаңа халықаралық тұрақты рейстер іске қосылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Рейстер А-320/321 типті әуе кемелерінде «Эйр Астана» (3,7 күндері) және Uzbekistan Airways (2,6 күндері) әуе компанияларының ұшағымен аптасына 4 мәрте жасалады.

«Жаңа халықаралық бағыттың ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді», деп мәлім етті Азаматтық авиуация комитеті.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады. Сонымен қатар, биылғы наурыз айында Қазақстан мен Өзбекстан арасында Ақтау - Үргеніш жаңа халықаралық рейсі іске қосылған болатын.

Рейстерді SCAT және Uzbekistan Airways әуе компаниялары орындайды. Жалпы, қазіргі уақытта екі ел арасында Нұр-Сұлтан - Ташкент, Алматы - Ташкент және Ақтау - Үргеніш бағыттары бойынша 24 тұрақты рейс бар.

Бөлісу:
Алматы мен Самарқан арасында жаңа рейс ашылады · Egemen Qazaqstan