Әлем
1 мин оқу 510

Қырғызстан екпе салдырған туристерді қабылдауға дайын

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Қырғызстанның Экономика және қаржы министрлігі жанындағы туризм департаменті директорының орынбасары Кыял Кенжематова айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a>.</p>

Оның айтуынша, бүгінгі таңда елдің туризм департаменті коронавирустық пандемиядан кейін Қырғызстандағы туризм саласын дамытуға бағытталған алгоритмді әзірледі. Ол шетелдік туристердің санитарлық нормаларды міндетті түрде сақтауын көздейді.

Сондай-ақ құжатта туристер Қырғызстанға Covid-19-ға қарсы екпені алған жағдайда келе алатындығы көрсетілген.

Қазіргі уақытта аталмыш алгоритм Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігінің қарауында жатыр.

Бөлісу:
Қырғызстан екпе салдырған туристерді қабылдауға дайын · Egemen Qazaqstan