Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 140

Алматыда коронавирус жұқтырған 50 бала емделіп жатыр

<p style="text-align: justify;">Алматыда коронавирус жұқтырған 1 371 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

2 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 203 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 158, симптомсыз – 45 науқас тіркелді.

«Барлық емделіп шығарылғандар – 161, келіп түскені – 109. Инфекциялық стационарларда 1371 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 3 680), оның ішінде 50 бала емделіп жатыр», деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 101 адам жатыр. Ал 24 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 43 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. High flow-да 29 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1 547 науқас бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 1 321 науқас. 226 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Бөлісу: