Қоғам
1 мин оқу 542

Елімізде 7 жаңа мұнай-газ-химия зауыты салынады

<p style="text-align: justify;">2021-2025 жылдары мұнай-газ-химия саласына маманданған 7 зауыт салынуы мүмкін. Жобалардың жалпы құны - 12,7 млрд доллар, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Мәжілісте өткен отырыста Мұнай-газ-химия саласын дамытудың бес жылдық ұлттық жобасы қандай нәтиже беретінін мәлімдеді.

«Үкіметпен мұнай-газ секторын шикізаттық бағыттан терең өңделген, қосылған құны жоғары өнім шығаруға бағдарлау бойынша жұмыс жүргізілуде. Қойылған міндеттерді іске асыру арқылы мұнай-газ химиясы өнімдері өндірісінің көлемін 2025 жылға қарай 2 млн тоннаға жеткізу көзделген», деді Нұрлан Ноғаев.

Ведомство басшысының мәліметінше, мұнай-газ химиясы өнімдерінің экспортын 2025 жылға қарай 8 есеге ұлғайтып, 1,336 млрд доллар табс әкелу көзделген.

«Бұл барлық кірістің 80%-ын құрайды. 2025 жылға дейін жалпы құны 4,7 млрд доллар болатын 5 зауыттың құрылысын аяқтап, жалпы құны 12,7 млрд доллар болатын 7 зауыттың құрылысын бастау көзделуде», деді министр.

Бөлісу:
Елімізде 7 жаңа мұнай-газ-химия зауыты салынады · Egemen Qazaqstan