Аймақтар
1 мин оқу 340
Шығыс Қазақстанда тұрғын үйден өрт шықты
<p style="text-align: justify;">Шүлбі кентінде тұрғын үйден өрт шығып, құтқарушылар 25 тұрғынды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«2 маусым күні сағат 19:26-да Шүлбі кентіндегі 2 ықшамаудан көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Өрт сөндірушілер келген кезде 2-қабаттағы пәтерде балконның ағаш конструкциялары, кіреберіс есігі, жеке заттары жанып жатты. Өрт сөндірушілер түтін аймағынан 25 тұрғынды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады», деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарушылар 7 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:
