Қоғам
1 мин оқу 170

Алматы шетелдік блогерлерге 26 миллион теңге төлемек

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласының Туристік ақпараттық орталығы шетелдік 20 блогерге бес күндік тур өткізбекші. Оған бюджет қаржысынан 26,7 миллионға жуық теңге бөлінеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Баспасөз-туры екі кезеңге бөлінген. Біріншісі биыл 2/3 тоқсанда, екіншісі 3/4 тоқсанда өткізіледі. Блогерлер Грузия, Армения, Беларусь, Ресей, Украина, Түркия, Корея, БАӘ және Гонконгтен шақырылады. Сондай-ақ бюджет есебінен олардың елге келу және кері қайту билеттері төленеді.

Блог-тур 40 елден келетін блогерлер мен миллионнан астам қаралым жинай алатын медиа-жеке тұлғаларды қамтиды, сонымен қатар 50 мың жазылушы аудиториясы бар микро-әсер етуші азаматтар шақырылады.

Департамент өкілдері шетелдік блогерлермен жұмыс жасау Қазақстан мен Алматыға келгісі келетін туристер ағынын көбейтеді деп үміттенеді.

Алматы қаласы бойынша шолу экскурсиясы мынадай:

-Қазақ халық музыкалық аспаптар музейі;

-Алматы музейі;

-28 Панфиловшылар паркі;

-«Көк-Төбе» паркі;

-Көк базар;

-«Сұңқар» трамплин кешені;

-«Гунны» этноауылы;

-Oi-Qaragai Lesnaya Skazka;

-Arba Wine жүзім алқабы;

-«Шарын шатқалы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

-«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты;

-Медеу мұз айдыны;

-Көлсай көлі.

Сондай-ақ қазақтың ұлттық тағамдарын дайындау бойынша мастер-класс өткізіліп, ұлттық киіммен фотосессия жасауға қолөнершілер шеберханасына жеткізіледі.

Ведомство өкілдері блог-тур Алматы облысы аумағы мен қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып өткізілетінін айтты. 

Бөлісу:
Алматы шетелдік блогерлерге 26 миллион теңге төлемек · Egemen Qazaqstan