Әлем
1 мин оқу 260

SpaceX кемесі ғарыш станциясына жүк алып ұшты

<p style="text-align: justify;">Америкалық SpaceX компаниясы Халықаралық ғарыш станциясына &laquo;Фэлкон-9&raquo; зымыранын ұшырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ол ғарыш станциясындағы экипажға арналған 3,3 тонна жүк жеткізуі тиіс. Оның ішінде зерттеу құралдары, азық-түлік және екі күн батареясы бар. Бұған дейін НАСА станциядағы күн батареяларының ескіре бастағанын хабарлаған еді. Айта кетейік, «Фэлкон-9» зымыраны американдық «СпейсЭкс» жекеменшік компаниясына тиесілі.

Ал Халықаралық ғарыш айлағына жүк тасымалдау АҚШ Ғарыш агенттігімен келісім-шарт бойынша жүзеге асырылады.

Бөлісу:
SpaceX кемесі ғарыш станциясына жүк алып ұшты · Egemen Qazaqstan