Елорда
1 мин оқу 770
Елорда әкімі Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады
<p style="text-align: justify;">Елорда әкімі Алтай Көлгінов қазақстандықтарды 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
«4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні мерекесі құтты болсын! Айбынды Елтаңбамыз, аспан түсті Туымыз, асқақ Әнұранымыз – тәуелсіз мемлекетіміз бен ел халқының киелі құндылығы. Мемлекеттік рәміздерімізді дәріптеп, қастерлеу – баршамызға парыз. Қазақстан Республикасының рәміздері күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!», деп жазды елорда әкімі.
Бөлісу:
