Оқиға
1 мин оқу 150

Алматы жолындағы жанжал атыспен аяқталды

<p style="text-align: justify;">Түрксіб ауданында жолда екі ер адам арасында жанжал шығып, біреуі бұрышпен оқталған сигналдық тапаншаны қолданды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Алматы жолындағы жанжал атыспен аяқталды

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «BMW» көлігінің жүргізушісі мен «Hyundai» автокөлігінің жолаушысы арасындағы жанжал Бекмаханов-Спасская көшелерінің қиылысында болды.

«Жанжал кезінде «BMW» жүргізушісі тапаншаны алып, қарсыласына оқ атты. Мейлі, ол бұрышпен оқталған болса да, оқ атқан адамның әрекеті бұзақылық деп есептеледі. Яғни, ҚР ҚК-нің 293-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағына жатады. Мұндай әрекет үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының өкілі Мақсат Қанапьяев.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол - 1993 жылы туған Б. есімді азамат.

Сигналдық тапанша тәркіленді және қылмыстық іс материалдарына енгізілді

Бөлісу:
Алматы жолындағы жанжал атыспен аяқталды · Egemen Qazaqstan