Аймақтар
1 мин оқу 370
Алматыдан 372 шақырым қашықта жер сілкінді
<p style="text-align: justify;"><br /> ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 6 маусым күні Алматы уақытымен 10 сағат 6 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 372 шақырым қашықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.0, тербелісі – 4.1.
Жерасты дүмпуі 10 шақырым тереңде болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.
Бөлісу:
