Жансая Әбдімәлік «Дара» орденімен марапатталды
<p style="text-align: justify;">Қазақстан шахмат федерациясының президенті, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бүгін атақты қазақстандық гроссмейстер Жансая Әбдімәлікпен кездесіп, оны кәсіби жетістігімен жеке құттықтап, Шахмат федерациясының ең жоғары наградаларының бірі – «Дара» орденін тапсырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Естеріңізге сала кетейік, Гибралтардағы әйелдер арасындағы шахматтан Гран-при кезеңіндегі ойынының қорытындысы бойынша Жансая Әбдімәлік тарихи жетістіктің авторы болды. Бірде-бір ойында жеңілмеген шахматшы мәртебелі жарыста мерзімінен бұрын жеңіске жетіп қана қоймай, сонымен қатар халықаралық гроссмейстер атағын алған алғашқы қазақстандық, сондай-ақ Орталық Азия өкілі болды.
Бейбіт Атамқұлов спортшыны жетістігімен шын жүректен құттықтап, еліміздің спорт жетістіктері қазынасына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ шахматшыға жаңа жетістіктер тіледі.
