Аймақтар
1 мин оқу 3,420

Оралда ер адамды пойыз қағып кетті

<p style="text-align: justify;">Бүгін сағат 05.00-де Орал стансасындағы желілік полиция бөліміне Қазақстан станциясында ер адамды жүк пойызының қағып кеткені жөнінде хабар түскен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Темір жол бойында жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабы 1-бөлігі, яғни теміржол көлігі жүрісі немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша Орал станциясы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат жария етілмейді», деп хабарлады ведомство өкілі.

Бөлісу:
Оралда ер адамды пойыз қағып кетті · Egemen Qazaqstan