Әлем
1 мин оқу 180

Душанбе Өзбекстан Президентін ресми түрде қарсы алды

<p style="text-align: justify;">Душанбедегі &laquo;Касри Миллат&raquo; резиденциясында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті ресми түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Мәртебелі мейманның құрметіне құрметті қарауыл сап түзеп, екі елдің мемлекеттік әнұраны шырқалды.

Содан кейін президенттер ресми делегациялардың мүшелерін бір-бірімен таныстырды. Құрметті қарауыл екі мемлекет басшыларының алдында жүріп өтті.

Салтанатты рәсімнің соңында Шавкат Мирзиёев пен Эмомали Рахмонның жеке кездесуі басталды, оның барысында көшбасшылар өзбек-тәжік стратегиялық серіктестігі мен сан қырлы өзара іс-қимылдың барлық спектрін егжей-тегжейлі қарастырып, сындарлы саяси байланысты одан әрі тереңдетуге ерекше назар аударды. Әңгіме кезінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, мәдени-гуманитарлық алмасуды кеңейту тақырыптары сөз болды.

Орталық Азиядағы қауіпсіздікті, тұрақтылықты және тұрақты дамуды қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық және аймақтық құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Шавкат Мирзиёев шақырғанына және жылы шырайда қарсы алғаны үшін әріптесіне ризашылығын білдіріп, бүгінде өзбек-тәжік қатынастары бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон да бұл сапардың маңызы зор екенін тілге тиек етті.

Айта кетейік, Мирзиёев Эмомали Рахмонды Өзбекстанға шақырды.

Бөлісу:
Душанбе Өзбекстан Президентін ресми түрде қарсы алды · Egemen Qazaqstan