Терроризммен күрес штабы астаналықтарға үндеу жасады
<p style="text-align: justify;">Бүгін Нұр-Сұлтанда ескі вокзал аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Ағымдағы жылғы 10 маусымда сағат 17.00-ден бастап 22.00-ге дейін Терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штабы «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Северный» Жолаушылар тасымалы өңірлік филиалының техникалық жолаушылар паркінің аумағында (Гете көшесі 7) жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр», делінген хабарламада.
Іс-шараның мақсаты - жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл әрекет ету, терроризм актісінің салдарын жою және азайту бойынша міндеттерді орындауына дайындығын тексеру.
«Оқу-жаттығуы әртүрлі күрделі элементтерді ескере отырып, барынша әскери жағдайға жақын өткізіледі. Техникалық жолаушылар паркінің маңайында шектеу шаралары қарастырылған. Осыған байланысты тұрғындарды өткізілетін оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және шараға жұмылдырылған мемлекеттік органдардың қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», деді штаб өкілдері.
