Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 210

Өзгенің атынан 2 млн теңге несие рәсімдеген қарағандылық ұсталды

<p style="text-align: justify;">Біреудің телефонын тауып алып, оның атынан екі миллион теңгеден астам сомаға екі несие рәсімдеген қарағандылық ер адам ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

14 мамырда 46 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне ұялы телефонын жоғалтқанын хабарлады. Біреу оның ұялы телефонын пайдаланып, екі миллионнан астам теңгеге екі несие рәсімдеген.

Аталған факт бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

9 маусымда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 37 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындаған, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Өзгенің атынан 2 млн теңге несие рәсімдеген қарағандылық ұсталды · Egemen Qazaqstan