Аймақтар
1 мин оқу 150

Бетпердесіз жүргендерге 6 миллионнан аса айыппұл салынды

<p style="text-align: justify;">Жыл басынан Қостанай облысының мониторингтік топтары 22 750 нысанды тексеріп, карантин талаптарын бұзудың 500-ден астам оқиғасын анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Осы ретте әкімшілік жауапкершілікке 473 адам тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 33 919 698 теңгені құрады. Оның 6 219 876 теңгесі 130 жеке тұлғаға жаппай іс-шаралар өткізгені, қоғамдық орындарда бетпердені кимегені үшін салынды.

Өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантин режимі кезінде белгіленген талаптарды орындамаған азаматтардың жауапкершілікке тартылатынын тағы да ескертеді.

Бөлісу:
Бетпердесіз жүргендерге 6 миллионнан аса айыппұл салынды · Egemen Qazaqstan