Аризона штатында орман өртінен мыңдаған адам эвакуацияланды
<p>Аризонада орман өрті дес бермей тұр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. Бұл жайында «Хабар 24» сайтында жазылды.</p>
Штат губернаторы аймақта төтенше жағдай режимін жариялады. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 1600 маман жұмылдырылды. Гила мен Пинал округінде 3 мың отбасы қауіпсіз жерге көшірілді.
«Бұндай ауқымды эвакуациялау шарасы бұрын-соңды болмаған», - дейді мамандар. Қызыл жалын 6 мыңға жуық гектар жерді тып-типыл еткен. Өртті ауыздықтауға ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіруде. Қазір аймақта қатты жел. Жергілікті билік «апатпен күрес жұмыстарына арналған қаржыны арттыру керек», дейді.
- Алапат орман өрті қаулап барады. Тілсіз жау 6 мыңға жуық гектар жерді күлге айналдырды. Бұл Чикаго аумағындай жер. Мыңдаған адам баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды. Құтқарушылардың жұмысы қауырт. Өрт өшсе де, жауын-шашын маусымы кезінде бұл жерде сел басталу қаупі бар. Сондықтан тасқынның алдын алу үшін өртті тез арада ауыздықтау керек. Ол үшін қосымша қаражат қажет, - дейді губернатор Даг Дьюси.
Естеріңізде болса, Аризона штатында орман өртінен мыңдаған адам эвакуациялануы мүмкін екендігі жайында бұрын хабарлаған едік.