Әлем • 07 Маусым, 2021

Аризонада 24 мың гектардан астам орман өртеніп жатыр

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Билік 3 мыңға жуық жергілікті тұрғынды эвакуациялауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аризонада 24 мың гектардан астам орман өртеніп жатыр

Орман өрті Американың Аризона штатының шығысында басталған. Жалын 24 мың гектардан астам аумаққа таралып үлгерген. Бұл туралы жексенбіде CNN телеарнасы хабарлады. 

Телеарна ақпаратына сенсек, тұрғындарды көшіру ықтималдығына аймақтағы өрттің екі ірі ошағы пайда болуына байланысты. Соның бірі - Феникстен 100 км қашықтықта 14 мың гектар алқап отқа оранған. Өрт аумағы Супериор қаласына дейін бірнеше шақырым ғана алыс жатыр. Мескал тауларының жанындағы екінші өрт ошағы 10 мың гектарға жайылып, 5 мыңға жуық тұрғын тұратын Эль-Капитан аймағына жақындаған.

Соңғы жаңалықтар