Оқиға
1 мин оқу 1,462

Шымкентте газ құю бекеті өртенді

<p style="text-align: justify;">2021 жылғы 13 маусымында сағат 15:19-да Еңбекші ауданы, Момынов көшесі бойында орналасқан &laquo;Жан Ойл&raquo; авто жанар-май бекетінің жанындағы газ құю бекетінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. Бұл туралы&nbsp;otyrar.kz сайты мәлімет таратты.</p>

Бірінші жеткен өрт сөндіру бөлімдері көлемі 4 тонналық газ цистернасында газ жанып жатқандығын анықтады. Өрт сағат 16:08-де оқшауланып, сағат 16:10-да толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Оқиға орнында газ құю бекетінде оператор жұмысын атқарып жүрген 1992 жылы туған ер азамат зардап шегіп, 18% беті және екі қолының білегін 1-ші дәрежелі күйік шалған. Зардап шеккен жұмысшыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды.

Жалынды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 21 адам, 7 техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

Бөлісу:
Шымкентте газ құю бекеті өртенді · Egemen Qazaqstan