Әлем
1 мин оқу 350

БҰҰ Эфиопияда аштық басталғанын мәлімдеді

<p style="text-align: justify;">БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелер жөніндегі бөлімінің бастығы Марк Лукок Эфиопияның солтүстігіндегі Тиграй аймағында аштық басталғанын айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;Бұл жайында<a href="https://www.bbc.com/news/world-africa-57432280"> BBC</a> мәлімет таратты.</p>

«Қазір ол жерде аштық байқалып жатыр. Бұл жағдай әлдеқайда ушығуы мүмкін»,  деді ресми өкіл.

БҰҰ мәліметтері бойынша, Эфиопияда 350 000 адам соғыстан зардап шеккен Тиграй аймағында, сондай-ақ Амхара мен Афар өлкелерінде күрделі жағдайда өмір сүріп жатыр.

Аймақтағы азық-түлік тапшылығы аштық пен өлім-жітімнің көбеюіне әкелуі ықтимал.

Эфиопияда елдің орталық үкіметі мен Тиграйды азат ету үшін халықтық майдан арасындағы қарулы қақтығыс жалғасуда, ол өткен жылдың қараша айында басталып, халықтың жағдайын тұралатып тастаған еді.

Бөлісу: