Әлем
1 мин оқу 410

Женева саммиті: Байден-Путин келіссөзі

<p style="text-align: justify;">Женева ха&shy;лық&shy;&shy;ара&shy;л&shy;ық сая&shy;&shy;си сахна&shy;дағы ірі оқиғалардың бірі &ndash; Байден-Путин келіссөзімен назарға ілік&shy;ті. АҚШ пен Ресей президенттері тұңғыш рет бетпе-бет Швейцарияда кездесті.</p>

Сарапшылар бұл келіссөз екі ел байланысының ең күрделі шағында болғанын айтып отыр. Қару-жарақты бақылау, санкциялар мен АҚШ-тың Ресейді кибершабуыл мен сайлауға араласуы туралы айыптаулары екі ел арасындағы қарым-қатынасты қиын­датып тұр. Саясаткерлер аса ірі ше­шім­дерді күтпесе де, кейбір шағын мәселелердің түйіні тарқатылатынына үмітті.

Кездесу Байденнің АҚШ президенті ретіндегі алғашқы шетелдік сапарының соңында өтті. Оған дейін ол G7 сам­ми­ті­не қатысып, НАТО басшыларымен кездесті. Кездесуге келген Джо Байден батыстық әріптестерінің қолдауына ие екенін қуаттай түскен.

Келіссөз өткізуге Женеваның таңдал­уы да кездейсоқ емес. 1985 жылы осында АҚШ президенті Рональд Рейган мен Кеңес Одағының басшысы Михаил Горбачев кездесу өткізген. Сондай-ақ Женева – бейтарап аймақ, онда қазір қос мемлекеттің де өкілі жоқ. Ал Ресей тіпті жақында АҚШ-ты «достас емес» елдердің қатарына қосқан.

Тараптар келіссөздің екі ел арасын­дағы жағдайды жақсартуға ықпал ете­тінінен үмітті. Екі жақты кездесуден кейін Байден мен Путин өздерінің құрамы кең делегацияларының, соның ішінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің және Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың, сондай-ақ аудармашылардың қатысуымен пікірталас өткізді.

Бөлісу:
Женева саммиті: Байден-Путин келіссөзі · Egemen Qazaqstan