Аймақтар
1 мин оқу 365

Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытында өрт болды

<p style="text-align: justify;">16 маусымда сағат 23.15-те Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы &laquo;Қазақ газ өңдеу зауыты&raquo; ЖШС компрессорлық цехының тоңазытқышынан&nbsp;от тұтанған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Өрттің таралуын және қайталануын болдырмау үшін газбен жабдықтау процесі кілт тоқтатылды және апаттық жағдайға байланысты қондырғы толық ажыратылды. Сағат 23.52-де өрт толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», дейді компанияның баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге ҚазГӨЗ, «Өзенмұнайгаз» АҚ және облыстық төтенше жағдайларды департаментінің 5 өрт сөндіру тобы жұмылдырылды.

Жеке құрамның, сондай-ақ Жаңаөзен қаласы мен жақын елді мекен тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің салдарын жою жұмыстары жүргізіліп, өрттің себептері анықталып жатыр.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да компанияның басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың басшылығымен жедел штаб құрылды. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірген.

Бөлісу:
Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытында өрт болды · Egemen Qazaqstan