Шымкенттік таэквандошылар Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды
<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Ливанда (Бейрут) таэквондодан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Ерлер арасында бақ сынаған Шымкент қаласының спортшылары екі жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
87 келіде сынға түскен Смайыл Дүйсебай Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Ол финалда Оңтүстік Корея өкіліне 8:10 есебімен жол берді. Смайыл ширек финалда Иран спортшысын 15:8, жартылай финалда сириялық қарсыласын 30:6 есебімен жеңген еді.
Сондай-ақ, 54 келіде Самат Темірхан құрлық чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Азия чемпионаты 15-18 маусым аралығында өтеді деп жоспарланған.
Айта кетсек, бұл сынға Шымкент қаласынан төрт спортшы қатысатын болды. Олар – Смайыл Дүйсебай (87 келі), Нұрқанат Қожахмет (74 келі), Самат Темірхан (54 келі) және Зияда Ирисматова (46 келі).
