Қоғам
1 мин оқу 230

725 мыңға жуық адамға жәрдемақы берілді

<p style="text-align: justify;">Қаңтар-мамыр айларында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны 5,7 млн адамды құрады. Түскен әлеуметтік аударым мен өсімпұл сомасы 126,5 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Осы кезеңде шамамен 725 мың адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалпы сомасы 131,8 млрд теңгеге әлеуметтік төлем алған.

Атап айтқанда, жоғарыда көрсетілген кезеңде МӘСҚ-тан мынадай төлемдер жүзеге асырылды:

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді 60,7 млрд теңге сомасына 430 862 адам алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59% - ға артық;

- жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді 45,1 млрд теңге сомасына 92 739 адам алды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36% артық;

- 64 440 адам 7,8 млрд теңге сомасына жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артық;

- асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді 51 749 адам 7,2 млрд теңге сомасына алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға артық;

- еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда 85 343 адам 11,1 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлем алды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11%-ға артық.

Бөлісу: