Теннис
1 мин оқу 200

А.Данилина Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші жұптық сында Бад-Хомбург (Германия) WTA жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

А.Данилина Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Анна Данилина ресейлік Варвара Грачевамен бірге бастапқы кездесуін германиялықтар Таисия және Яна Мордергермен өткізді.

Қазақстандық-ресейлік жұп бірінші партияда айқын басымдылық көрсетті – 6:2. Олар екінші сетте де осалдық танытқан жоқ – 6:4.

А.Данилина мен В.Грачева жартылай финалға шығу үшін осы доданың 1-ракеткалары, хорватиялық Дарья Юрак – словениялық Андрея Клепачпен таласады.

Айта кетейік, А.Данилина кеше жекелей сында жапониялық Мисаки Доидан ұтылып қалған еді.

Бөлісу:
А.Данилина Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты · Egemen Qazaqstan