Оқиға
1 мин оқу 343

ШҚО-да 20 жастағы жүргізуші ер адамды басып кетті

<p style="text-align: justify;">ШҚО облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 20 маусымда сағат 23:00 шамасында &laquo;ВАЗ-212014&raquo; автокөлігінің иесі 38 жастағы ер адамды басып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

20 жастағы жігіт Өскемен – Семей тасжолымен облыс орталығы бағытында келе жатып, Нұрлыкөш ауылының маңында ер адамды қағып кетті.

«Апат салдарынан ер адам жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлігі 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады полициядан.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, бірқатар сот сараптамасы тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бөлісу:
ШҚО-да 20 жастағы жүргізуші ер адамды басып кетті · Egemen Qazaqstan