Алматыда «үнді» штамы табылды деген қауіп анықталды
<p style="text-align: justify;">Алматыда коронавирустың «үнді» штамы табылды деген қауіп анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Алдын ала деректер бойынша, оның қала бойынша айналым ықтималдығы анықталды. Толық геномдық зерттеу үшін қосымша уақыт қажет», деді Байғабылов.
Бұған дейін Алексей Цой Нұр-Сұлтанда тіркелген коронавирус деректерін тексеру барысында «дельта» немесе үнді штамының белгілеріне ұқсас жағдайдың тіркелгенін айтқан болатын. Министр бұл штамның өзгелерден айтарлықтай ауыр екенін ескертіп, осыған байланысты өңірлерден дәрі-дәрмек пен медициналық көмекке қажетті барлық жабдықпен қамтылуды сұрады.
«Дельта» немесе үнді коронавирус штамы аса контагиозды және анықталған штамдарға қарағанда 60 пайызға жұқпалы, қазіргі айналымдағы штамдар 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен ерекшеленеді.
