Ауа райы
1 мин оқу 630
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 24-26 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, 24 мамырда Павлодар облысында, 24-25 мамырда Шығыс Қазақстан облысында, 25 мамырда Алматы облысында нөсер жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Күндіз солтүстікте 17-28 жылыға дейін, орталықта 20-35 жылыға дейін, солтүстік-батыста 25-40 жылыға дейін ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі.
Бөлісу:
