Қазақстан
1 мин оқу 1,772

Қазақстанда локдаун енгізіле ме?

<p>Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда локдаун енгізу мәселесі қарастырылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бүгінде Қазақстан бойынша локдаун енгізу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұған дейін ведомствоаралық комиссия отырысында шектеулер бойынша ұсыныстар бердік. Әрі қарай не болатынын эпидемиологиялық жағдай көрсетеді», деді Тоғжанов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирустың үнді штамына байланысты карантин күшейтілетіні хабарланған болатын. Сонымен қатар Нұр-Сұлтанда жекелеген шектеулер енгізіледі.

Бөлісу: